Алматыға пошта арқылы жіберілген косметика есірткі болып шықты

10 Маусым 2024, 12:10
345
Бөлісу:
Алматыға пошта арқылы жіберілген косметика есірткі болып шықты
VIDEO
Фото: скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігі  аса ірі көлемде есірткі контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Агенттік мәліметінше, Алматы облысы Іле ауданындағы «Казпошта» АҚ бөліміне шетелден косметикалық бұйымдар түрінде жасырылған салмағы 777,4 грамм есірткі өнімі каннабис экстракты (гашиш майы) салынған жөнелтілім келіп түскені анықталды.  

Жөнелтілімді қабылдаушы есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы үшін бұрын сотталған азамат болып шықты. Оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында есірткіні шегуге арналған құрылғылар, қолданылған шприцтар, зип-пакеттер және т.б. заттар табылды. Аталған азамат сот шешімімен қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасуда, - деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Өзгелердің жаңалығы