Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде "Эйр Астана" әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша рейстер ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол аптасына бейсенбі және жексенбі күндері ұшады.
Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.
ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын тұрақты негізде ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.