Алматыдан 90 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, деп жазады BAQ.KZ.
Бұл туралы «CОМЭ» сейсмикалық стансалар желісі мәлімдеді.
Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша сағат 18:44-те тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстанның Алматы қаласынан шығысқа қарай 90 шақырым жерде орналасқан.
Энергетикалық класы - 8.7. MPV магнитудасы - 4,3. Эпицентр координаттары - 43,43° солтүстік 77,97° E. Тереңдігі - 20 км.
MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.