Алматыдан 83 км қашықтықта жер сілкінді

4 Шілде 2023, 22:07
937
Бөлісу:
Алматыдан 83 км қашықтықта жер сілкінді
Фото: aikyn.kz

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 4 шілде күні Алматы уақытымен сағат 18:48-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 83 км қашықтықта Қазақстан аумағында болды.

Энергетикалық класы – 9.1.

MPV Магнитудасы – 4.2.

Зілзаланың бағыты 43.30° с.е. 77.93° ш.б.

Тереңдігі – 15 км.

МSК-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ.

Өзгелердің жаңалығы