Алматыдан 598 км қашықтықта жер сілкінді

31 Мамыр 2023, 00:42
706
Бөлісу:
Алматыдан 598 км қашықтықта жер сілкінді
Фото: aikyn.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 30 мамыр күні Алматы уақытымен сағат 23.45-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 598 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10.8

MPV магнитудасы – 4,9.

Тереңдігі – 10 км.

MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ.

Өзгелердің жаңалығы