Алматыдан 500 шақырым аумақта жер сілкінісі болды

26 Желтоқсан 2020, 17:23
1601
Бөлісу:
Алматыдан 500 шақырым аумақта жер сілкінісі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматының шығыс жақ бөлігінен 472 шақырым жерде жер сілкінісі болды.

Алматы уақытымен сағат 12:40-та жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласының шығыс жақ бөлігінен 472 шақырым жерде Қытай аумағында болды, - делінген ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ хабарламасында.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.7. Ал магнитудасы MPV 4.5. Жер сілкінісі ошағының координаттары келесідей: 43.43° солтүстік ендік, 82.72° шығыс бойлық. Сонымен қатар тереңдігі 30 шақырым. МSК-64 шкаласы бойынша сезілу туралы ақпараттар жоқ.


Өзгелердің жаңалығы