Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыдан 46 шақырым жерде жер сілкінді

Бөлісу:
 pexels.com
Фото: pexels.com

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының дерегінше, жер сілкінісі 12 қаңтарда Астана уақытымен 11:44-те болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 46 шақырымда, Талғар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпулерінің күші 2,9 баллды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің күші 4,0 баллды құраған. Қазақстанда жер асты дүмпулері сезілген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қаңтарда Жамбыл және Алматы облыстарының шекарасында жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің күші 3,7 баллды құрады.

Өзгелердің жаңалығы