Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 12 қараша күні 07 сағат 38 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 437 шақырым қашықта, Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.1, MPV магнитудасы – 4.6. Бағыты 40.97° с.е. 72.57° ш.б. жатыр. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ, - делінген ведомство хабарламасында.