Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 6 қараша күні Алматы уақытымен 8 сағат 11 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 412 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.2. MPV тербелісі – 4,1. Тереңдігі – 10 км.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.