Алматыдан 390 км қашықтықта екі рет жер сілкінді

9 Шілде 2022, 01:15
1686
Бөлісу:
Алматыдан 390 км қашықтықта екі рет жер сілкінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмикалық стансалар желісі 8 шілде күні 18:12 және 18:23-те жер сілкінісін тіркеді. 

Бірінші болған жер сілкінісі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 390 км қашықтықта Қытай аумағында болды. 

Зілзаланың энергетикалық класы 9.8. 

Магнитуда MPV 4.1. 

Жер сілкінісі ошағының бағыты 41.88° с.е. 81.30° ш.б. 

Тереңдігі 10 км. 

Сезілуі туралы мәліметтер жоқ. 

Екінші жер сілкінісі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 387 км қашықтықта Қытай аумағында болды.

 Энергетикалық класы 9.6. 

Магнитуда MPV 4.0. 

Зілзала ошағының бағыты 41.89° с.е. 81.28° ш.б. Тереңдігі 10 км.

Өзгелердің жаңалығы