ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 14 маусым күні таңғы сағат 02.17-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 376 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқаны.
Энергетикалық санаты – 11,8.
MPV магнитудасы – 5,1.
Эпицентр координаттары – 42,13° с.е. 81,26° ш.б.
Тереңдігі – 5 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ.