Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жерасты дүмпуі 26 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 01 сағат 57 минутта болған.
Зілзала ошағы Алматыдан сотүстік-шығысқа қарай 358 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 9.5. MPV магнитудасы – 4.1, бағыты 45.83° с.е 79.54° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ, – делінген кезекші оператордың хабарламасында.
Еске сала кетейік, 23 тамыз күні астана уақытымен 17 сағат 12 минутта Алматы маңында жер сілкінген еді.
Бұл – бір тәулік ішіндегі екінші зілзала. Сол күні сағат 16:03-те сейсмологтар Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 388 шақырым жерде, Қытай аумағында тағы бір жерасты дүмпуін тіркеді.