Сейсмологтар Алматыдан 316 шақырым жерде магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС 2023 жылғы 30 шілдеде Алматы уақытымен 02:58-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 316 шақырым жердегі Қырғызстан аумағында орналасқан.