Алматыдан 220 шақырым жерде жер сілкінді

Бөлісу:
Алматыдан 220 шақырым жерде жер сілкінді
Фото: baq.kz

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 17 қаңтар, сағат 22:08 жер асты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 220 км жерде жатыр.

Есептік қарқындылығы:

Жетісу облысы Панфилов ауданы, Жаркент қаласы - 2 балл;

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы - 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы