Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыдан 195 шақырым қашықтықта жер сілкінді

14 Қазан 2025, 14:39
4354
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Сейсмологтар Алматыдан 195 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жер сілкінісі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 195 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан.

2025 жылдың 14 қазанында Астана уақытымен сағат 12:17-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Магнитудасы - 4.0, энергетикалық класы - 9.3, - деп жазылған Қазақ Ұлттық деректер орталығының хабарламасында.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) деректеріне сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Бішкектен оңтүстік-шығысқа қарай 24 шақырым және Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 195 шақырым жерде орналасқан.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының хабарлауынша, елді мекендерде жер сілкінісінің күші шамамен 2,5 балды құраған. Жер сілкінісі Қара-Мойнок, Таш-Дөбе және Дон-Алыш ауылдарында сезілген.

Өзгелердің жаңалығы