Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жер дүмпуі 9 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 21.36 кезінде болған.
Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 174 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.3.
MPV магнитудасы – 4.4. Жер сілкінісі ошағының бағыты – 40.88° с.е. 78.13° ш.б.
Тереңдігі – 20 шақырым.
МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.