ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 30 қараша күні сағат 11 сағат 03 минут 23 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 100 км қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 9.8. MPV магнитудасы – 4.6. Эпицентр координаттары – 42.39° с.е. 77.43° ш.б. Тереңдігі – 10 км. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.