Алматыдағы жол-көлік оқиғасына себепкер делінген адам қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық ПД-ға сілтеме жасап.
Жол апатына себепкер болған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығын анықтау тұрғысында сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда, - деп атап өтті Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Шәрібаев.
Еске салайық, бүгін Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында орын алған адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.