Қаланың әр ауданында ТЖ халықты жинау нүктелері жұмыс істеуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Бұл: ең қатал құрылыс нормалары мен ережелеріне сай келетін білім беру ұйымдары: мектептер, балабақшалар, колледждер мен ЖОО сынды ұйымдар.
Бекеттер туралы барлық деректер Алматы 2ГИС платформасында бар. Қосымшаға «Зардап шеккен халықты қабылдау пункттері» деп енгізген кезде картада тұрғындарға арналған барлық қабылдау пункттері көрінеді. Мұндай деректер Алматы қаласы ТЖД мен аудандық әкімдіктердің ресми сайттарында бар, - делінген хабарламада.
Алматы қаласы бойынша баспанасыз қалған зардап шеккен халықты қабылдау пункттері.
Қазіргі уақытта аудандық әкімдіктің қызметкерлері жинау пункттерінде жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ барлық стационарлар, перзентханалар, жедел медициналық жәрдем ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны белгілі болды.
Жалған ақпарат таратпауларыңызды өтінеміз. Барлық деректер тек Алматы қаласы ТЖД ресми сайтында жарияланатын болады, - дейді ведомство өкілдері.