Алматыда 4 наурыз күні сағат 11:22-де қатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің күші - 5 балды құрады.
"ҚР ТЖМ "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (2024 жылғы 4 наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2.
MPV магнитудасы 6.1.
Эпицентрдің координаттары 42.93° С. Е. 76.96° ш. б.
Тереңдігі 10 км.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл.