Алматыдағы жер сілкінісі: 10 маңызды қауіпсіздік ережесі

24 Ақпан 2024, 22:09
3492
Бөлісу:
Алматыдағы жер сілкінісі: 10 маңызды қауіпсіздік ережесі
Фото: Артём Чурсинов - архив

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар қажет шаралар туралы айта отырып, биік үйлерде тұратын алматылықтар білуі тиіс 10 қарапайым ережені есте сақтауды ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық сейсмикалық жаттығудан кейін жер сілкінісі кезіндегі бірінші кезектегі қандай іс-қимылдар туралы Алматы қаласының тұрғындарынан келіп түскен сауалдарға байланысты сенбі және жексенбіде қалалық құлақтандыру жүйесін оқу ТВ-радио қамтуымен хабарланатын болады

24 ақпанда 21:30;

25 ақпанда 09:30, 13:30, 21:30.

Теледидар экранында радио арқылы жер сілкінісі кезінде бірінші кезектегі 10 қарапайым қадам.

Дүрбелеңге берілмей, тыныштық сақтауды сұраймыз , бұл оқу-жаттығу хабарламасы.

Алматы қаласы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан, сондықтан әрбір азаматтың жеке дайындығы маңызды екенін еске саламыз

Алматылықтар үшін жер сілкінісі кезінде отбасылық немесе ұжымдық іс қимыл жоспарын жасау маңызды: 
- жер асты дүмпулер кезінде әрекет ету үшін үйіңіздегі ең қауіпсіз жерлерді алдын-ала анықтау қажет. Мұндай орындарға мыналар жатады: күрделі ішкі қабырғалардың саңылаулары, ішкі қабырғалардан пайда болған бұрыштар, ішкі қабырғаларды бағандарының жанындағы орындар және жақтау арқалықтарының астында; 
- ғимараттан эвакуациялаудың ең қысқа жолын анықтаңыз немесе ғимарат ішінде қауіпсіз орын табыңыз;
- сондай-ақ, болған жер сілкінісінен кейін отбасыңыздың жиналу орнын алдын ала анықтаңыз. 
Жиһаздың жоғарғы сөрелерді ауыр заттардан босатыңыз.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар қажет шаралар туралы айта отырып, биік үйлерде тұратын алматылықтар білуі тиіс 10 қарапайым ережені есте сақтауды ұсынады:

1. дүрбелеңге түспеңіз, сабырлық сақтаңыз;
2. жер асты дүмпулері кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз, жер сілкініп жатқан уақыт өткенше үйде күтіңіз;
3. жиһаздан, терезелерден, люстрадан алыстаңыз;
4. жасырынатын орын табыңыз (жүк көтергіш/капитал/ішкі қабырғалардың бұрышы);
5. ғимараттан шығыңыз (көп қабатты үйлерде – жерасты дүмпулері тоқтағаннан кейін);
6. суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
7. алдын-ала дайындалған «дабыл чемоданын» алыңыз;
8. ғимараттан эвакуациялау кезінде электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. жер сілкінісінің қайталануы мүмкін екеніне дайын болыңыз;
10. балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.

Эвакуациядан кейін зардап шеккен халықты ауқымды төтенше жағдай кезінде орналастырылатын ең жақын қабылдау пунктіне орналастыру қажет.

Алматыда зардап шеккен халықты қабылдайтын 384 қабылдау пункті жұмыс істейді.

Халықты және төтенше жағдайлардан зардап шеккендерді жинау пункттері мектеп, балабақша, колледж, жоғары оқу орындары сынды білім беру ұйымдарында орналасқан.

«Баршаның назарына!» сигналын естігеннен соң, қолжетімді хабарландыру құралдарын, мысалы, «дабыл чемоданындағы» қабылдағышты қосып, алынған нұсқаулар бойынша әрекет ету керек

Қорытындылай келе, жер сілкінісінің қайталама факторларынан қауіпсіздік шарасы ретінде үй-жайлардың (бөлмелердің) қабырғаларына ауқымды жиһазды бекіту жұмыстарын жүргізу арқылы, құрылымдық емес сейсмикалық күшейтуді ұсынады.

Өзгелердің жаңалығы