Алматыдағы үйлердің бірінен қарт ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды

Бөлісу:
Алматыдағы үйлердің бірінен қарт ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды
Фото: Арман Мухатов - архив

Қайғылы оқиға Түрксіб ауданындағы жеке үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, 89 жастағы әйел мен 87 жастағы ер адамның денелерінде пышақ жарақаттары болған.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Түрксіб аудандық Полиция басқармасы кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, 56 жастағы әйел жанжалдың салдарынан өзінің таныстарын өлтірген. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапқаны жайлы жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы