Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, құжаттың қоғамдық талқылауы тамыз айында өткен. Жобаның негізгі мақсаты – мегаполистегі ауа ластану деңгейін жүйелі түрде төмендету.
Мамандар деректеріне деректеріне сәйкес, қаланың жалпы шығарындыларының 60%-ы автокөліктердің кесірінен. Қалған бөлігі жеке тұрғын үй секторы мен өнеркәсіптік кәсіпорындар, моншалар, кәуапханалар, қоғамдық тамақтану және құрылыс нысандары сияқты стационарлық ластау көздерінің қызметімен байланысты”, – деді әкімдікте.
Олардың мәліметінше, бұл жоба қаланың жаңа экологиялық саясатын қалыптастырудың негізі болады. Оның аясында бірқатар нақты шараларды кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр:
- стационарлық ластау көздерін жаңғырту,
- экологиялық таза отын түрлеріне көшу,
- және басқа да экологиялық тиімді технологияларды енгізу.
Жобаны жүзеге асыру Алматыдағы экологиялық жағдайды жақсартып, тұрғындар үшін өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті жауаптылар.
Айта кетейік, өткен жылы Алматы агломерациясында 225,2 мың тоннадан астам ластаушы зат тіркелген, оның 84%-ы Алматы қаласының үлесіне тиесілі.