Алматы, BAQ.KZ. Жылу желісін жөндеу жұмыстарына байланысты 26-28 шілде аралығында Төле би көшесінің Байтұрсынов пен Шагабутдинов аралығы толықтай жабылады.
Бұл туралы Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы хабарлады.
«Уақытша шектеулер жол астында орналасқан инженерлік желілерді жоспарлы түрде ауыстыру жұмыстарымен байланысты. Жылу құбырларын ауыстыру жұмысы қалалық жылу желісінде орын алуы мүмкін қатердің алдын алу үшін жасалып жатыр», - делінген хабарламада.
Аталған басқарма қала тұрғындарын жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарап, бұл бағытпен жүретіндерді айналып өтуге шақырады.