Алматыдағы супермаркетте шу шығарған әйелге сот айыппұл салды

Алматыда супермаркет қызметкеріне қатысты агрессивті әрекет көрсеткен әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін оның жеке басы анықталып, сот шешімімен айыппұл салынды.

 polisia.kz Бүгiн 2026, 07:25
Бүгiн 2026, 07:25
208
Фото: polisia.kz

Әлеуметтік желілерде супермаркет қызметкеріне қатысты дөрекі әрі әдепсіз әрекет жасаған әйелдің видеосы қызу талқыға түсті. Аталған оқиға Алматы қаласында болған.

Полиция қызметкерлері видеодағы азаматшаның жеке басын анықтап, оған қатысты әкімшілік іс жүргізу материалдарын рәсімдеді. Нәтижесінде сот шешімімен әйел 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Құқық қорғау органдары азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, агрессия мен арандатушылық әрекеттерден аулақ болуға шақырды. Полиция мұндай құқық бұзушылықтарға заң аясында қатаң шара қолданылатынын ескертті.

Сонымен қатар тұрғындарға құқыққа қайшы контентті таратудан бас тарту қажеттігі айтылды. Өйткені мұндай әрекеттер үшін де Қазақстан заңнамасында жауапкершілік қарастырылған.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау әр азаматтың заң талаптарын құрметтеуінен және өзара сыйластық танытуынан басталады.

Наверх