Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыдағы Сайран көліне жасөспірім батып кетті

Нұрқанат Атажан
25 Маусым 2025, 19:31
1229
Бөлісу:
 Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы полициясы Сайран көліндегі оқыс оқиғаға қатысты тергеу бастады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Көлге кәмелетке толмаған екі баланың түскені анықталды. Бірі өз бетімен жағаға шықты, екіншісінің тағдыры әзірге белгісіз. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Іздеу шаралары жалғасып жатыр, - деп хабарлады полиция департаменті.

Кейінірек полиция екінші баланың қайтыс болғанын айтты.

Ал қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 112- ге мұндай ақпарат түспенгенін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы