Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыдағы Сайран көлінде шомылуға бола ма?

Нұрқанат Атажан
26 Маусым 2025, 13:43
1316
Бөлісу:
 Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сайранда демалушыларға 19,5 мың теңге көлемінде айыппұл салына бастады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Полицейлер күн сайын Сайран көлін патрульдеп, қоқыс тастағандар үшін айыппұл салуда. Қазіргі уақытта 20 адам жазаланды.

Сайран көліне күн сайын шамамен 3-4 мың адам келеді.

Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар тұрғындармен күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жүзуге тыйым салынғаны туралы ескерту белгілері мен қоршаулар орнатылған, – деп хабарлады әкімдік.

Ресми түрде демалыс аймағы әлі ашылмағанына қарамастан, жағалау қоқысқа толы: бөтелкелер, орамалар, шегелері бар тақтайлар және тіпті су ішінде де қоқыс бар. Сонымен қатар көл маңында дәретханалар жұмыс істемейді, қоқыс жәшіктері де жоқ.

Алматыдағы Сайран көлінде шомылуға бола ма?

Қала әкімі Дархан Сатыбалды тәртіп орнатып, 130 қоқыс жәшігін орнатуды және аумақты түнгі сағат 2:00-ге дейін патрульдеуді тапсырды. Сондай-ақ көл аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 210 бейнебақылау камерасын орнатылады (қазір 47 камера жұмыс істеп тұр).

Айта кетейік, кеше кешкісін Сайран көлінен тағы бір ер адамның денесі табылды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 маусым күні сағат 19:26-да сүңгуірлер 1977 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты. Куәгерлердің айтуынша, марқұм мас күйінде тыйым салынған жерде суға түскен.

Оған дейін республикалық жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жасөспірімнің денесін судан алып шыққан болатын. 

Ведомство өкілдері Сайран көлінде шомылуға қатаң тыйым салынғанын еске салды. Оның аумағында абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы