Бұрын хабарланғандай, Қаржылық мониторинг агенттігі ұзақ уақыт бойы рейдерлік тәркілеумен айналысқан бір топ адамның әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еске салайық, сотқа дейінгі тергеу аясында 5 қатысушы қамауға алынып, ұйымдастырушы Қоспаев Елдос, сондай-ақ оның сенімді адамдары Имашев Ерлан мен Шалин Руслан іздеуге жарияланған болатын. Оларға қатысты сот сырттай бұлтартпау шарасын – қамауға алуды санкциялады.
Сонымен қатар, қылмысқа қатысы бар басқа да сыбайластар анықталды- Қоспаев Айдос, Кудряшева Оксана және Кузнецов Алексей. Бұл адамдар да іздеуде.
Іздеудегі адамдардың қайда екенін білетін болсаңыз, ҚМА сенім телефонына хабарласыңыз. Ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы, ал құпиялылыққа кепілдік беріледі.
ҚПК 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.