Алматыдағы өрт шыққан қонақүйден құтқарушылар 4 адамды эвакуациялап, 3 ер адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 5 тамызда сағат 16.26-да 101 пультіне Жетісу ауданы, Есенов көшесі, 55 мекенжайындағы куәгерлерден өрт туралы бірнеше қоңырау түсе бастаған.
ТЖД күштері мен құралдары дереу жоғары дәрежедегі шақырту бойынша өрт орнына жіберілді.
Сағат 16:33-да келген сәтте , «Pana Inn» қонақүйінің 3 қабатты ғимаратының үй-жайларының бірінде жиһаз жанып , үй-жайларында улы атты түтін пайда болғанын анықтады.
Барлау жұмысы және өртті сөндіру барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары терезелерге үш иінді баспалдақтарын орнату арқылы екінші қабаттан 4 адам эвакуациялап, екінші және үшінші қабаттардан 3 адам құтқарды.
Олардың бірін өрт сөндірушілер қонақ үйдің үшінші қабатынан құтқарды: ол үрейге берілмей кондиционері орантылған терезенің жанында құтқарушылардың көмегін беймарал күтіп отырды.
Өрт сағат 16.41-де сөндірілді. Қабылданған шаралармен өрттің таралуына қонақ үйдің шатырына, дәлізге және көршілес нөмірлерге жол берілмеді.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнында Алматы қаласы ТЖД мен өзара іс-қимыл қызметтері, сондай-ақ 25 өрт сөндіруші және 7 бірлік техникасы жұмылдырылды, - деп жазылған хабарламада.