Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы Президент резиденциясы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімінен алынады.
Осы нысанға қатысты құжат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында жарияланды.
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде 31-тармақ алынып тасталсын, – делінген министрліктің құжатында.
Сонымен қатар сайтта бұл туралы министрліктің бұйрығы да жарияланған.
Бұған дейін Алматыдағы Президент резиденциясының орнына саябақ салынатыны хабарланған.