Алматы, BAQ.KZ. 9 қыркүйекте Алматы қаласындағы нөсерлі жауын-шашын кезінде cуды бөгетсіз өткізу мен ағызуды қамтамасыз ету мақсатында 192 адам, 81 бірлік арнайы техника және 22 мотопомпа жұмылдырылды.
Басқармасының мәліметінше, нөсерлі жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу және оны жою мақсатында аудан әкімдіктерінде, төтенше жағдайлардың аудандық бөлімдерінде және құтқару қызметінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.
«Қатты жауған нөсер жаңбырдың салдарынан арықтар қураған бұтақ, түрлі қоқыстармен бітеліп, жекелеген учаскелерде су арнасынан тасып, су басу фактілері орын алды. Қазіргі уақытта арық желілері мен өткелдерін тазалау жұмыстары жалғасуда. 3 су басу оқиғасы жойылды. Бостандық ауданындағы Өтепов пен Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы көппәтерлі тұрғын үйдегі су басу қаупі жойылып, Радостовец көшесі, 183 мекенжайындағы арық жүйесі тазартылды. Су басу қаупін жою жұмыстарына 7 бірлік арнайы техника, 12 жұмысшы қатысып, 50 қап төселді. Әуезов ауданында екі арнайы техника мен 8 жұмысшы жұмылдырылды. Жандосов, 134 көшесіндегі су басу қаупі жойылды», - делінген хабарламада.
Су тасқыны болған жағдайда аудан бойынша жауапты адамға хабарласуларыңызды сұраймыз:
Алатау ауданы —Нұрабилов Т. 8-702-460-6104
Алмалы ауданы — Төлеген А. 8-775-190-1942
Әуезов ауданы — Сұлтанова Д. 8-701-671-6600
Бостандық ауданы — Оразымбетов Н. 8-701-666-5648
Жетісу ауданы — А. Әбдіқадыров 8-707-314-8889
Медеу ауданы — Күребай Е. 8-771-469-8101
Наурызбай ауданы — Қыдырбаев О. 8-747-159-5043
Түрксіб ауданы — Баясыл С. 8-707-322 5004