Алматыдағы көшкін. Құтқарушылардың жұмыс барысы неге баяу екені айтылды

8 Ақпан 2024, 12:23
1137
Бөлісу:
Алматыдағы көшкін. Құтқарушылардың жұмыс барысы неге баяу екені айтылды
Фото: автордан

Бұл туралы Алматы ТЖД баспасөз хатшысы Гүлдана Нұрымбетова пікір білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Гүлдана Нұрымбетованың айтуынша, құтқарушылардың жұмысына тау баурайындағы күрделі рельеф пен оқиға орнындағы қауіпті заттар кедергі келтіруде.

Түнгі сағат 02:20-дан бері жүргізіліп жатқан құтқару-іздестіру жұмыстары неге баяу деген сұрақтар туындады. Оның себебі құтқарушыларға оқиға орнының тарлығы, тау баурайындағы күрделі рельеф кедергі келтіруде. Өйткені сазды балшық массасының көлемі 3,5 мың текше метр болғандықтан, зақымдалған үйдің барлығын аударып жіберген. Сосын шыны, арматура, темір сынды құтқарушыларды зақымдайтын заттар өте көп. Сағат таңғы 10:00-де жасөспірімнің денесі табылды. Туған-туысқандарымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Жұмыстар әлі жалғасып жатыр, – деді Алматы ТЖД баспасөз хатшысы Гүлдана Нұрымбетова.

Алматыдағы көшкін. Құтқарушылардың жұмыс барысы неге баяу екені айтылды
Өзгелердің жаңалығы