Алматы әкімдігі Тау-Самал ықшамауданында көшкін жүріп, тұрғын үйді басып қалған төтенше жағдай орнынан сурет жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кадрларда апаттық қызмет қызметкерлері мен арнайы техниканың үйінділерді тазалап жатқаны көрсетілген.
8 ақпан 02-20 сағат ішінде "Тау Самалы" Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топврақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні жүрген болатын.
Оқиға орнында "Қазселденқорғау" ММ, Алматы қаласының "109 құтқару қызметі" ММ, Республикалық жедел-құтқару жасағынан, Алматы қаласы ТЖД, ТЖМ 28237 әскери бөлімінен, жедел медициналық көмек бригадасынан, Медеу ауданының әкімдігінен 160-тан астам адам және 30 техника жұмылдырылды.
Дәрігерлер бригадасы кезекшілікті жалғастырып жатыр. Жергілікті жерде ТЖД психологиялық тобы жұмыс жасып жатыр.