Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы қызғылт сары түске көмкерілді

30 Қараша 2025, 00:44
760
Бөлісу:

Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы мен қаланың өзге де маңызды нысандары қызғылт сары түске көмкерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыда "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" атты жаһандық акцияны қолдау мақсатында бірқатар нысандарға жылы қызғылт сары түс берілді.

Осы күндері Көктөбе телемұнарасы, Halyk Bank ғимараты, Тұңғыш Президент саябағы, LED-экрандар және қаланың бірнеше ірі орындары қызғылт сары түспен әрленіп тұр.

Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы қызғылт сары түске көмкерілді

Қызғылт сары түс – жылылықтың, үміт пен бірліктің белгісі. Ол әр адамның құқығын қорғаудың маңызын және кез келген зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын еске салады.

Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы қызғылт сары түске көмкерілді

Бұл – қоғам назарын маңызды мәселеге бұратын көрнекі белгі әрі қиындыққа тап болған адамдарға деген қолдау мен құрметтің нышаны.

Өзгелердің жаңалығы