Алматыдағы «Көк төбе» телемұнарасы түрлі түске боялды

Бөлісу:
Алматыдағы «Көк төбе» телемұнарасы түрлі түске боялды
Фото: Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Алматы қаласындағы «Көк төбе» телемұнарасының жарқырап, түрлі түске боялған сәтінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Түнгі Алматының әсем көрінісі тұрғындардың қызғушылығын оятты.

Қаламыз жыл сайын көркейіп келеді. «Көк төбенің» көріктеніп, жарық шамдар қойғанына қуаныштымыз. Телемұнараны түсіріп, туған-туыстарымызға бөлісіп жатырмыз,- дейді қала тұрғын.

Еске салайық, «Көк Төбе» телемұнарасын жарықтандыруға 1,2 млрд теңге жұмсауды жоспарлаған еді. Мемлекеттік мереке күндері «Көк Төбе» телемұнарасында жарық шоулар өткізілмек.

Өзгелердің жаңалығы