Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыдағы инфекциялық ошақтардың мекенжайлары жарияланды

27 Наурыз 2020, 15:57
2616
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Бүгінгі күні Алматы аумағында коронавирустық инфекцияның 24 ошағы бар. Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті хабарлады.

Қалада ифекция шыққан ошақтардың мекенжайлары:

- Әуезов ауданында-2 жұқтыру ошағы - Жетісу-2 ықшамауданы, 70а;  Мамыр – 4 ықшамауданы, 313 мекенжайында орналасқан;

- Алатау ауданында 3 жұқтыру ошағы - Заря-Восток ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234; Ақкент ықшамауданы, 7; Ақбұлақ ықшамауданы, 9 орналасқан; 

- Алмалы ауданы бойынша 4 ошақ. Яғни, Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7; Жамбыл көшесі, 155-де орналасқан;

- Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді. Олар Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ықшамауданы, 5-де;

- Жетісу ауданында - 2 ошақ бар. Еңлікгүл, 34а, Волочаевская көшесі, 51;

- Түрксіб ауданында 7 ошақ тіркелген. Алтай-1 ықшамауданы, 8; "Жас қанат" ықшамауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасская көшесі, 63;  Жұлдыз ықшамауданы, 45; Папанина көшесі, 145 а; Жұлдыз-1 ықшамауданы, 13-де  орналасқан;

- Бостандық ауданында - 1 ошақ Тұрғыт-Озал көшесі, 242 мекенжайында;

- Нарызбай ауданында – 1 ошақ Ақжар поселкесі, Береке көшесі, 1/97 мекенжайында. 

Қала билігі алматылықтарды карантин режимін қатаң сақтауға, карантиндік аумақтың ішінде жүруден аулақ болуға, жеке гигиена шараларын сақтауға, туыс, дос, әріптестері мен және тағы басқа адамдармен қарым-қатынасты шектеуді сұрайды. Мұндағы мақсат – әр адамның өзін коронавирустық инфекция жұқтырудан сақтау, туғандары мен жақындары және айналасындағыларға да жұқтыру қаупін төмендету. Қала әкімдігі, медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері тарапынан індеттің ошақ аумағынан тыс жерге таралып кетпеуі үшін күшейтілген іс-шаралар атқарылуда, - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы