Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал

29 Сәуір 2021, 12:41
1990
Бөлісу:
Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал

Алматы, BAQ.KZ. 2021 жыл 28 сәуір күні Алматыда коронавирустық инфекцияның 695 жаңа жағдайы тіркелді, оның 601 симптомдық белгімен және 94-і симптомсыз. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен тәулікте барлық емделіп шығарылғандар саны – 382, ал, келіп түскендер – 392.

Барлық инфекциялық стационарларда 3 732 адам бар, оның 116-сы бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 252 науқас бар. 5 484 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 4 831 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 653 симптомсыз,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ 28 сәуір күні Алматы қаласы бойынша 8 468 адам вакцина салдырған. Оның ішінде 316 адам QazVac вакцинасымен егілген.

01.02.2021-28.04.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 202 574 адам вакцинацияланды. Бүгінгі таңда 211 вакцинация пункті жұмыс істейді, 402 вакцинация бригадасында 1 809 медицина қызметкерлері жұмылдырылды, оған қоса 40 көшпелі мобильді бригада іске қосылған,-делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы