Алматыдағы Долан ауылының тұрғындары жарты жылдан бері ауыз суға зәру

14 Тамыз 2024, 12:06
563
Бөлісу:
Алматыдағы Долан ауылының тұрғындары жарты жылдан бері ауыз суға зәру
VIDEO
Фото: Артём Чурсинов - архив

Тұрғындар әлеуметтік желілерге мұңдарын айтып, жергілікті биліктің шарасыздығына наразылығын білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

13 тамыз күні су берудің уақытша тоқтауына байланысты 30 шақты ауыл тұрғыны «Дихан» дүкенінің маңына жиналған.

Қарасай ауданына қарасты Долан ауылында ұзақ уақыт су тапшылығына байланысты әлеуметтік шиеленіс ушығып тұр. Облыстық әкімдік бұл мәселені жарты жылдың ішінде шешудің орнына биылғы жылдың ақпан айында халықтың 280 млн теңгесіне «TANK 500» люкс маркалы 10 жол талғамайтын көлік сатып алды, - дейді тұрғындар.

Аталған жағдайға байланысты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Қарасай ауданы әкімдігі Долан ауылындағы су құбыры биылғы жылдың сәуір айынан бері «Bey AzhTrans» ЖШС балансында екенін мәлімдеді. 11 тамыз күні кешкісін терең ұңғыма сорғысының істен шығуына байланысты ауыз су беру тоқтаған еді. Бүгінде «Bey AzhTrans» ЖШС мекемесімен терең ұңғымадағы сорғы жаңасына ауыстырылды. Қазір  орташа қысыммен су берілуде, су құбыры желілері мен су толтыру жұмыстары жалғасуда. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Олардың сұрақтарына жауап берілді. Әлеуметтік желілерде таратылып жатқан кейбір ақпарат нақты жағдайға сәйкес келмейді. Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында және қосымша ақпарат ресми арналар арқылы таралады,- деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы