Алматыдағы Ботаникалық бақ уақытша жұмыс істемейді

Алматының Ботаникалық бағы өз келушілеріне маңызды хабарлама жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Инстаграм парақшасынан 8 Сәуір 2025 2025, 17:09
8 Сәуір 2025 2025, 17:09
841
Фото: Инстаграм парақшасынан

Алматының Ботаникалық бағы өз келушілеріне маңызды хабарлама жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Instagram парақшасында ұйым, Ботаникалық бақтың уақытша жұмыс істемейтінін мәлімдеді.

Қалада кеше болған дауылға байланысты ботаникалық бақ келушілер үшін 10 сәуірге дейін жабық.
Қазіргі уақытта ағаштар құлап, бұтақтары сынғандықтан ботаникалық бақтың айналасында жүру қиынға соғып тұр. Сондықтан қауіпті ағаштардың құлау мүмкіндігін болдырмау үшін қоғамдық аумақты тазарту, сондай-ақ ағаштардың жағдайын тексеру қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - деп жазылған Ботаникалық бақтың Инстаграм парақшасында.

Ботаникалық бақ 10 сәуірден бастап қайта ашылады. Бақтағы гүлдерге зақым келмеген. 

Наверх