Алматыдағы Бостандық ауданының әкімі даму қорытындылары туралы айтты

24 Қараша 2023, 17:36
727
Бөлісу:
Алматыдағы Бостандық ауданының әкімі даму қорытындылары туралы айтты

Бүгін Алматыда Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин баспасөз мәжілісін өткізіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ, аталған брифингте аудан басшысы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы туралы кеңірек айтып берді.

Маңызды бағыт-бағдарлардың бірі - аудан тұрғындарының уақтылы медициналық көмекке деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жыл сайын емханалар салынуы болып отыр. Мысалы, медициналық мекемелерге жүктемені азайту мақсатында, осы жылы бес бірдей денсаулық сақтау нысанын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып, жүзеге асырылуда. 

Сонымен қатар, медициналық мекемелерге жүктемені азайтуға бағытталған, әрқайсысы 500 орындық екі жаңа емхана салу көзделген. Екінші емхана Гагарин даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысында орналасады. Ал, қолданыстағы №4 және №12 екі емханаға күрделі жөндеу алдағы жылдың бірінші тоқсанында басталмақ. Тағы бір жағымды жаңалықтардың бірі - «Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының» операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің корпусының құрылысы.

Алматы тұрғындары өз аулаларын қалай жабдықтауды, яғни, қоғамдық кеңістікті өзгерту, спорт алаңын орнату немесе асфальт төсеуді өздері таңдайды. Бұл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының жағымды көріністерінің бірі. Қала тұрғындарының шығармашылығына арналған кеңістік айтарлықтай үлкен және қолайлы.

Бірер күнде төрт қоғамдық кеңістікке, он шақты спорт және балалар алаңына, он екі жерасты және жеті жер үсті жаяу жүргіншілер өткеліне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жөндеу жұмыстары, айдың соңына дейін аяқталады. Келесі жылы арық желілерін реконструкциялау бойынша жұмыстар өз мәресіне жетіп, жоспарланған 55,2 км арық желілері қамтылады. Оның бүгінгі күні реконструкциялаудың 22 шақырымы аяқталды. Жалпы, аудан аумағында 19 контейнерлік алаңды күрделі жөндеу және салу жұмыстары жүргізілді. Ал, 98 контейнерлік алаңды күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

«2024 жылы Тұңғыш Президент саябағын», «Пекин олимпиадашылары-2008» скверімен қамти отырып, Атакент, Южный парктерін, Үлкен Алматы және Есентай өзенінің жағалауын, ҚазМемЦирк, қалалық әкімдік, Байсейітова маңындағы субұрқақтарды күрделі жөндеу жоспарланған», - деді өз сөзінде Санжар Алин.

Абай даңғылы мен Гагарин даңғылының қиылысында 1 га жер учаскесін абаттандыру жұмыстары басталды. Абаттандыру аясында балалар, футбол, баскетбол және коньки алаңдарын, иттерді серуендетуге арналған алаңды, орындықтар, урналар орнатылатын демалыс аймағын салу жоспарлануда, қосымша суару жүйесі бар жасыл желектер отырғызылатын болды.

Сондай-ақ, 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 32 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, оның ішінде Гагарин бульварының жөндеу жұмыстары және осы даңғыл бойында тұрақ орындарын орнату көзделген. Бостандық ауданының 98 көшеде ағымдағы орталықсыздандыру іс жүзінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, орталықсыздандыру аясында ауданда 98 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізіліп, онда жол жабыны төселді, 330 дана люктер мен жаңбырқабылдағыштар көтерілді. Сондай - ақ, жиектер мен жиектастар тазартылып, тоғыз мың м2 алаңға брусчатка төселіп, 5 қалқымалы люк орнатылды. Аудан тұрғындары орын алып жатқан жағымды жаңалықтарға дән риза.

Бұдан басқа, 8 бағдаршам объектісін орнату жоспарлануда.

Санжар Алин жылдың сәуір айынан бастап, сыртқы жарықтандыру желілерін ұстау және салу бойынша функциялар аудан әкімдіктеріне берілгенін еске салды. Осыған байланысты 48 көше мен өтпе жолдарда ұзындығы 19,7 км 608 дана жарық нүктелері мен 594 дана тірек орнатылғанын айтты. Ауданында ұзындығы - 659,63 км 23 388 жарық нүктесі орнатылды, оның ішінде 7 546-сы аулаішілік екен.

Өзгелердің жаңалығы