Алматыдағы «барахолка» базарынан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қалалық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 қараша күні сағат 10:56 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Солтүстік айналма тасжолы, 7 мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыртуға шыққан.
Көлік кептелісіне қарамастан өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта келді. Олар бірнеше контейнердің отқа оранғанын анықтады. Дереу өрт сөндіруге кірісіп, газ-түтіннен қорғау қызметі адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Жағдай бақылауда, бейнебақылау камералары арқылы қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары оқиға орнына бағытталған,- деп хабарлады ведомстводан.
Ең жақын өрт гидранттары 25 метр қашықтықта орналасқан, су үздіксіз жеткізіліп жатыр.