Алматыдағы автобус апатынан зардап шеккендер саны 25-ке жетті

26 Маусым 2024, 16:49
630
Бөлісу:
Алматыдағы автобус апатынан зардап шеккендер саны 25-ке жетті
Фото: скриншот

Олардың екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық емге жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Zakon.kz атап өткендей, қалған 22 адам қаланың ауруханаларына жеткізілді. 

Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлығының жағдай орташа ауыр деп бағаланған.

Зардап шеккендердің арасында үш жасөспірім бар. Олар 14, 15, 16 жаста. Жағдайлары орташа ауыр екені нақтыланды. Атап айтқанда бір бала тізесінен, ішінен соққы алған. Ал тағы біреуінің мұрын сүйектері сынған. Үшінші баланың оң жақ аяғының жіліншігі сынып кеткен.

Қазір науқастарға тиісті ем шаралары мен тексерулер жүргізіліп жатыр. Ем шаралар аяқталған соң, кім ауруханада қалатыны, кім амбулаториялық емге жіберілетіні белгілі болады. Барлық пациент медициналық қызметті толық көлемде алып жатыр, - делінген басқарма хабарламасында.

Еске салсақ, бүгін Алматыда 18-ші автобус пен Kia маркалы жеңіл көлік соқтығысты.

Өзгелердің жаңалығы