Алматыдағы атыс. Сағынтаев қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

20 Қыркүйек 2021, 22:11
2562
Бөлісу:
Алматыдағы атыс. Сағынтаев қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін Алматыда болған атыстан қаза тапқандарға қатысты пікір білдірді.

Алатау ауданында болған қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Барлық тиісті көмек пен қолдау көрсетіледі - деп жазды қала басшысы өзінің твиттердегі парақшасында.

Айтиа кетсек, бұған дейін Алматы қаласы Алатау ауданындағы «Ақбұлақ» шағынауданында атыс болып, бес адам қаза тапқанын хабарлағанбыз.

Қаза тапқандар арасында екі полиция, сот орындаушы және екі бейбіт азамат болған. Тағы бір азамат үйдің жаңа иесі екені айтылды.

Өзгелердің жаңалығы