Алматыдағы "Асы жайлауы" мемлекеттік меншікке өтті

19 Желтоқсан 2023, 09:34
493
Бөлісу:
Алматыдағы "Асы жайлауы" мемлекеттік меншікке өтті
Фото: Бақытжан Базарбектің Facebook-тегі парақшасынан

Бұл туралы депутат Бақытжан Базарбек Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жиында 2,4 мың гектар аумақты құрайтын “Бұғыты” қыстауы мемлекет меншігіне қайтарылған.

Бүгін, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында “Жер аманаты" республикалық жер комиссиясының жиыны өтті. Іс-шараға комиссия төрағасы Дәулет Кәрібек, комиссия мүшесі, ҚР Бас жер инспекторы Мұрат Теміржанов қатысты. Жиында 2,4 мың гектар аумақты құрайтын “Бұғыты” қыстауы мемлекет меншігіне қайтарылғанын халыққа жария еттік. Сонымен қатар "Іле-Алатау Тур" ЖШС-нен #03-044-184-002 кадастрлік нөмірдегі аумағы 3 500 гектар ауыл шаруашылық мақсатындағы атақты "Асы жайлауы" деп аталатын жердің мемлекеттік меншікке қайтарылғанын жария еттік. "Асы" жайлауының мемлекеттік меншікке Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 1 маусымдағы #907 қаулысымен қабылданды. Ал біз "Жер аманаты" республикалық жер комиссиясы мүшелері Ақмола облысына іссапарға шығуға әзірленудеміз,- дейді Бақытжан Базарбек.

Өзгелердің жаңалығы