Жұмыс сапары аясында Қазақстан мен Германия әскери-медициналық қызметтерінің мамандары арасында ақпараттық алмасу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Германия Федеративтік Республикасының өкілдері әскери-клиникалық госпиталь, әскери медицина орталығы және санитарлық-эпидемиологиялық орталықтың қызметімен танысты.
Тараптар әскери медицина саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру, емдеу, санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу мәселелері қаралды.