Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында өткен шара ынтымақ пен патриотизмнің жарқын көрінісі болды.
Білім ордасының бастығы генерал-майор Нұртас Қабақов жеке құрамды мемлекеттік мерекемен құттықтап, оның әрбір қазақстандық үшін маңыздылығын атап өтті.
Тәуелсіздік күні баршамызды еліміздің жетістіктерін сақтауға және нығайтуға ұмтылдырады. Борышқа адал, тәртіпті және мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлестерің үшін алғыс айтамын, – деді ол.
Генерал-майор Нұртас Қабақов жыл қорытындысы бойынша қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін әскери қызметшілер мен мерзімді қызмет сарбаздарына грамоталар табыс етіп, алғыс жариялады. Оқуда және жауынгерлік даярлықта жетістіктері бар курсанттарға "кіші сержант" әскери атағы берілді.
Алматы қаласындағы № 1 Оқушылар үйінің шығармашылық ұжымы жоғары оқу орнының жеке құрамына концерт қойды. Жас әртістер жауынгерлерді басты құндылықтар – Қазақстан халқының бостандығы, бірлігі мен дәстүрлері туралы еске салатын жарқын қойылымдармен қуантты.
Оларға оқу орнының аумағына арнайы экскурсия ұйымдастырылды, оқушылар ЖОО-ның ерекшеліктерімен және әскерилердің қызметімен танысты.