Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыдағы адам ұрлау ісі: Аса ауыр қылмысқа қатысы бар күдікті Грузияда ұсталды

Бүгiн, 11:45
135
Бөлісу:
 freepik.com
Фото: freepik.com

Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ауыр қылмыстарға қатысы бар Ресей азаматын Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол 2022 жылы Алматыда азаматтарды ұрлауға және олардың мүлкін күштеп тартып алуға қатысты деген күдікке ілінді.

Қаскүнем үш жылдан астам уақыт бойы жасырынып, халықаралық іздеуде болған.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында ол Грузияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы