Алматыдағы №7 аурухананың ортохирургтері өте күрделі ота жасады

18 Ақпан 2021, 20:00
2515
Бөлісу:
Алматыдағы №7 аурухананың ортохирургтері өте күрделі ота жасады

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне тұрмыстық жарақат салдарынан оң жақ иық сүйегі басының төрт сегменттік сынуымен шұғыл түрде 71 жастағы науқас түскен.

Аталған аурухана баспасөз қызметінің мәліметінше, қабылдау кезінде науқастың жағдайы ауыр болған. Науқастың отыруға, не жатуға шамасы келмеген, таңылған қолмен мүлдем қозғала алмай қалған, ал қатты ауырсыну салдарынан ұйықтаудан қалған.

Науқас ортохирургия бөліміне жатқызылды. Оның иық сүйегінің басы сынған кезде ұсақталып қалған, сондықтан оны қалпына келтіру мүмкін емес еді. Толық тексерістен кейін науқастың иығын эндопротездеу бойынша операция жасалды, оған Францияда жасалған бірполюсті Unik(Evolutis) протез қолданылды,-делінген хабарламада. 

Бұған дейін франциялық дәрігерлер операцияның мұндай түрі бойынша ортохирургтер арасында шеберлік сағатын өткізген екен. 2020 жылы Франция, ресей және отандық дәрігерлер бірлесіп қазіргі заманғы технологияны пайдалана отырып эндопротездеу бойынша бірнеше ота жасапты. Осы жолы жергілікті мамандар мұндай отаны алғаш жасаған және ол сәтті өтіпті. 

Алматыдағы №7 аурухананың ортохирургтері өте күрделі ота жасады

№7 аурухананың ортохирургия бөлімінің меңгерушісі Арнат Байзақов науқас келген кезде иығының сүйектері тым ұсақталып сынғандықтан оны қалпына келтіру өте қиын болғанын айтады.

Мұндай кезде дәрігерлер үшін емдеу тәсілін таңдау қиынға соғады. Біз алғашқы эндопротездеу әдісін таңдадық. Ота сәтті өтті. Ота жасалғаннан кейінгі бесінші күні науқастың жағдайы бірқалыпты және жақсарып, науқас өзін белсенді ұстайды, қолдарын еркін қимылдатады. Қазіргі уақытта бөлімше жағдайында алғашқы оңалту жұмыстары жүргізілуде. Одан әрі науқастың денсаулығы жақсарып, ол қиналмайтын болады,-дейдә дәрігер.

Науқастың өзі ота жасаған дәрігерлер мен барлық медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Соңғы 3 күн жақсы ұйықтап жүрмін. Қорықпай аунай аламын және қолымды қозғай бастадым. Бүгін оң жақ қолыммен тамақ ішуге талпындым. Бұрын төсектен тұруымның өзі мұң еді. Мен дәл осы №7 аурухананың ортохирургия бөліміне түскеніме қуанамын. Мен толықтай мүгедек болып қалауым мүмкін еді,-дейді науқас.

Мұндай операция шетелде қомақты қаражат тұрады екен, мәселен Франция мен Германияда – 18 мың еуродан жоғары көрінеді. Ал, алматыда Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен МӘМС аясында жасалады.

Өзгелердің жаңалығы