Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыдағы 40 қабатты даулы кешеннің құрылысы тоқтай ма?

Нұрқанат Атажан
17 Қараша 2025, 14:08
432
Бөлісу:
 Rams Qazaqstan
Фото: Rams Qazaqstan

Rams Qazaqstan Beyond Almaty жобасында бас мердігер болмайды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Rams Qazaqstan компаниясы 2025 жылдың қыркүйегінен бастап Beyond Almaty жобасын іске асыруға қатысушылар құрамынан бас мердігер ретінде шығу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Компания девелопмент саласындағы өзге де маңызды бастамаларды жүзеге асыруды жалғастырады, сапаның жоғары стандартын және тұрақты дамудың қағидаттарын сақтай отырып. Rams Qazaqstan Алматының болашағына бағытталған стратегиясын бірізді түрде қалыптастырып, нарыққа сапалы әрі қауіпсіз тұрғын және коммерциялық нысандар ұсынады, – деді компанияда.

Rams Qazaqstan өкілдерінің айтуынша, Beyond Almaty жобасына қатысты барлық сұрақтар бойынша енді жер учаскесінің иесі және тапсырыс беруші “BR Construction Qazaqstan” ЖШС-не жүгіну қажет.

Еске салайық, бұған дейін мәжілісмен Бақытжан Базарбек 40 қабатты мұнара – алтыншы диагональды тектоникалық жарықтың үстінде тұрғанын және бұл жоғары қауіпті аймақ екенін айтқан еді. 

Өзгелердің жаңалығы