2022 жылғы 19 қыркүйектен бастап Алматы қаласы, Серіков көшесі, 2а мекенжайында орналасқан № 3 мамандандырылған ХҚКО бөлімі жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметірен сілтеме жасап.
Осыған дейін Алматы қаласында автокөлік иелеріне арналған 5 мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейтін.
«Құлагер» шағын ауданының №3 Мамандандырылған бөліміне қызмет алушылар аз келеді. Көбінесе автокөлік иелері қызмет алу үшін №1, №2, №5 және №6 бөлімдерге жүгінеді немесе қызметтерді екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы онлайн алады. Аудан тұрғындарының тарапынан автокөлікке қатысты қызметтерге сұраныстың болмауы себепті бөлім жұмысын тоқтатуға шешім қабылданды, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.
Енді автокөлік иелері қаладағы 4 МХҚО-ға жүгіне алады. Олар:
- № 1 мамандандырылған бөлім-ш.а. Саялы, Аққайнар көшесі 1;
- № 2 мамандандырылған бөлім-Майлин к-сі, 85;
- № 5 мамандандырылған бөлім-Түрксіб ауданы, ш.а Қайрат, Құлжа даңғылы, 9 км;
- № 6 мамандандырылған бөлім - «Кемел» ш.а. Ақсуат көшесі, 118, мекенжайында орналасқан.